5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты - Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланған бүгінгі Үкімет отырысы барысында Асқар Мамин соңғы 5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артқанын айтты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да назар аударды.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, таяу 7 жылда негізгі басымдықты »Ауыл - ел бесігі« бағдарламасын жүзеге асыруға саламыз. Бұл шамамен 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсартатын болады. Бұл шамамен ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігі ұсынған өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бұл міндеттер көрсетілгендігін атап өтті.

«Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша өсу әлеуеті жоғары және спутник ауылдар нысандарымен, сонымен қатар базалық мемлекеттік және әлеуметтік қызметтермен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Жалпы, мемлекеттік бағдарламаның ұсынылған тәсілдерін мақұлдауды ұсынамын. Ұлттық экономика министрлігіне бағдарлама жобасын белгіленген тәртіппен Президент әкімшілігімен келісу және тиісті қаулыны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруды тапсырамын. Роман Васильевич, бақылау сізге жүктеледі», - деді Асқар Мамин орынбасары Роман Склярға қарата.

Соңғы жаңалықтар