55 жастан асқан қызметкерді жұмысқа шығуға мәжбүрлесе не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс беруші 55 жастан асқан қызметкерді жұмысқа шығуға мәжбүрлеген жағдайда полицияға хабарласу керек. Бұл туралы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де қазіргі кезде 55 жастан асқан адамның жұмысқа шықпауына кеңес берілген, сондай-ақ қажет болмаса көшеге шығудан тартынған жөн. Алайда жұмысын жалғастырып жатқан мекемелер бар және оларда жасы 55-тен асқан адамдар күзетші қызметінде болуы мүмкін», - деді О. Данабеков Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселені тікелей жұмыс берушімен шешуге кеңес біріледі.

«Алайда тиісті уәжге қарамастан, жұмысқа шығуға мәжбүрлесе, онда полицияға хабарласуға болады. Сәйкесінше, мәселені құқықтық жолмен шешу қарастырылған», - деді Олжас Данабеков.


Соңғы жаңалықтар