5G деген не және ол денсаулыққа зиян ба

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Еуропада телекоммуникация жүйесінің бесінші сатысы, яғни 5G жаппай енгізіледі, деп жазады ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Басылым арнайы мақалада 5G деген не және ол біздің өмірімізді қалай өзгертеді деген сұраққа жауап іздейді.

«5G жүйесі мобильді интернет байланыстың келесі деңгейі. Ол өте жоғары жылдамдыққа ие болады. Бұл жүйе 4G-ден ең кем дегенде 100 есе, ең көбі 1000 есе жылдамырақ. Яғни, бұл жүйе фильмдерді санаулы секундтарда жүктеп алуға мүмкіндік береді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Еуропа комиссиясы бұл жүйені келесі онжылдықта цифрлық экономика мен қоғамға ең маңызды блок болады деп сипаттаған. Сонымен қатар комиссияның айтуынша, 5G жасанды интеллектінің артуына әсер етеді.

«Еуроодақ бұл технология бойынша 2016 жылы жоспар құрып, 2020 жылы 5G 28 мүше-мемлекетте іске қосылатынын айтты. 2014 жылдан бастап одақ 5G технологиясына 700 миллион еуро жұмсады, сонымен қатар жеке сектор 3 млн еуро инвестиция салды», деп жазады автор.

Оның айтуынша, 5G жүйесінің денсаулыққа қалай әсер ететіні әлі белгісіз.

«Көпшілігі антенна санының артуы денсаулыққа кері әсер ететінін айтып жатыр. Дегенмен, оның нақты дәлелі жоқ», деп жазады автор.

Оның сөзінше, 5G іске қосылғанымен, бүкіл әлемде екі жүйе, яғни 4G екеуі қатар жүретін болады. Сонымен қатар құрылғылардң барлығы дерлік 5G талаптарына сай емес.



Соңғы жаңалықтар