6 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 мамырда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн аукцион нәтижелері және Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін цифрландыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова, ҚР Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Қайырхан Тұтқышбаев. Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook .

11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Құланшы» галереясында түрлі елдердегі заманауи суретші әйелдердің жұмыстары көрмеге қойылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызмет департаментінің директоры Асқар Ниязов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақы қамсыздандыру департаментінің директоры Виктория Шегай. Көрсетілім сілтемелері:youtube, facebook .

15.00-де ұлттық телевизиялық «Тұмар» сыйлығын марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтеді. Іс-шара барлық санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жабық форматта өткізіледі.

Іс-шараның онлайн-трансляциясы tvtumar.kz ресми сайтында жүргізіледі.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «TAMYR» шығармашылық тобының көркемөнер көрмесі салтанатты түрде ашылады.


Соңғы жаңалықтар