6 жылда елімізде техникалық жарақтануы төмен 12 колония жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 жылда елімізде техникалық жарақтануы төмен 12 колония жабылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014 жылдан бастап сотталушылар санының жалпы төмендеуіне байланысты 12 мекеме біртіндеп жабылды. Олардың техникалық жарақтануды да төмен еді. Мекемені жабу барысында бірнеше факторды қарастырамыз. Бірінші кезекте матриалдық-техникалық және коммуникациялық жай-күйін, өндірістік алаңдарының болуын, ірі елді мекендерден алашқтығын және мекеменің толымдылығын қараймыз»,- Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов ҚР ІІМ алаңында өткен онлайн брифинг барысында.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере келе «ОВ 156/17» мекемесіндегі сотталушылар Шуақ елді мекеніндегі ұстау режимі бірдей колонияға ауыстырылатындығын айтты. Аталған колонияда сотталушыларды ұстау үшін барлық жағдай жасалған. Онда тігін цехы, наубайханасы және сотталушылар жұмысқа орналаса алатын өзге де өндіріс түрі бар.

«Мұнан бөлек, жылдық соңына дейін Қостанай облысының Құсмұрын елді мекеніндегі тағы бір мекемені жабу жоспарланып отыр», - деді Жанат Ешмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар