69 көлікті техникалық байқаудан өткізетін орталықтың қызметі тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлікті тексерместан техникалық байқаудан өткізетін 69 орталық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көлік комитеті техникалық байқау орталықтарында көлік құралдарын нақты тексермей техникалық байқау жүргізу қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ бұзылған мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды немесе «қарақшылық» бағдарламаны пайдаланатын техникалық байқау орталықтарын анықтап жатыр. «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу барысында Көлік комитеті бірыңғай ақпараттық жүйе операторымен бірлесіп осындай 69 орталықты анықтады», делінген хабарламада.

Аталған орталықтарға техникалық байқау нәтижелерінің деректерін бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізу тоқтатылды.

Көлік комитеті бағдарламалық қамтылымның осалдығын анықтау бөлігінде арнайы бағдарламалық қамтылымды әзірлеушімен жұмыс жүргізуде. Еске сала кетсек, Қазақстанда техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар күшейді.

Соңғы жаңалықтар