18:52, 20 Мамыр 2020 | GMT +6
«7-20-25» бағдарламасы: 30 мың өтінім қабылданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 30 324 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
« 2020 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 345,85 млрд теңге сомасына 30 324 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 203,08 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 666 өтінім мақұлданды», - делінген хабарламада.