«7-20-25» бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам отбасы баспаналы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы арқылы 10 676 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 7 қарашадағы жағдай бойынша 10 676 отбасы 122,8 млрд теңге сомаға қарыз алды», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына 600 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаны іске асыру жалғасып жатыр.

«1 қарашадағы жағдай бойынша банктерде 248 млрд теңгеге 393 жоба қаралуда. 142,3 млрд теңгеге 224 жоба мақұлданды. 55,5 млрд. теңгеге 147 қарыз берілді»,- деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар