7,5 мың теміржолшы пойыз жолдарын қардан тазартуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 6 өңірінде 7,5 мың теміржолшы пойыз жолдарын қардан тазартуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Магистральдық желінің Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Семей және Павлодар бөлімшелерінің 7500-ден астам теміржолшысы қалың жауған қардың салдарын жоюда. Теміржолшылар аязға қарамастан тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деді министрліктен.

Теміржолшылар жолдар мен бағыттауыш жолдарды қардан тазартуда.

«Басты міндет - пойыздар қозғалысы кестесінің бұзылуына жол бермеу және жылжымалы құрамның үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету. 23-25 ақпан аралығында темір жолдардан 80 мың текше метр қар шығарылды. 359 бірлік арнайы техника жұмылдырылды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар