7 айда электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артты – Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 7 айында электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артты. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электртехникалық машина жасау саласында да айтарлықтай ілгерілеушілік орын алып, 10 жылдың ішінде өндіріс 3 есеге, экспорт 4 есеге артты. Оқшаулаудың орташа деңгейі 75 пайызға жетті. Тек 2019 жылы ғана 5 млрд теңгеге 34 млн метр талшықты-оптикалық кабель шығарылды. Толықтай алғанда, 7 айдың ішінде электртехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 11 пайызға артып, 101,4 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл отандық аккумуляторлар Біріккен Араб Әмірліктері мен Италия нарығына шығарылады. Жалпы бұл өнім түрі қазіргі уақытта Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Германия елдеріне жеткізіліп отыр. Бүгінде ішкі нарықтың аккумуляторға қажеттілігі 65 пайызға қамтамасыз етіледі. Ал ішкі нарықтың трансформаторларға қажеттілігі 85 пайызға қамтамасыз етілген.

«Алдағы уақытта Петропавл қаласында 5-ші трансформатор зауыты іске қосылғаннан кейін жылына 10 мың аталған өнім шығарылатын болады. Сол кезде ішкі нарық трансформаторлармен қамтылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар