7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі 7 облыс аумағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

3 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

3 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

3 желтоқсанда Ақмола облысының шығыс жартысында жаяу боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау ертең батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, таулы аудандарда екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан қаласында ертең түнде және таңертең шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соқөқан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

3 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Ақтау қаласында ертең түнде және таңертең тұман түседі.

3-5 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

3 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Оралда ертең көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.


Соңғы жаңалықтар