+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

8 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 7 қазан 20:37
Бөлісіңіз:
8 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Шалабекова Әлия Лазарқызы; ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Тұрғанбаев Данияр Ғалымұлы; Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де «Астана Опера» Қарағанды музыкалық комедия театрының гастроліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

18.00-де Қазмедиа орталығында «МедИАЦия» халықаралық бағдарламасы аясында «Қазақстан мен Ресейдің ашық диалогы: журналистика, медиа және форматтар» атты дөңгелек үстел өтеді.

19.30-да «Астана Балет» театрында бір актілі балеттер кеші өтеді: арнайы шақырылған хореограф Рикардо Амаранте қойған «A Fuego Lento» және Раймондо Ребектің «Өткенге саяхат» туындылары көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT