8 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 8 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Азаматтық альянсының президенті Бану Ғаниқызы НҰРҒАЗИЕВА дүниеге келген.

Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы – филолог (1979).

Алматы облысы Шелек ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1979-1988), Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің идеологиялық бөлім нұсқаушысы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінде үйірме жетекшісі, әскер, авиация және флот жанындағы еріктілер қоғамында мұғалім (1988-1991), Шелек ауданы әкім аппаратының Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі, ұйымдастыру бөілмінде референт (1992-1997), Бостандық ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы (Алматы қ.), Алматы қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы (1997-2002), Алматы қ. Жетісу аудандық әкім аппаратының жетекшісі, Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Алматы қ. әкімдігі жанындағы ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры (2002-2005), Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің директоры (2005-2007), «Восточный Медиа Экспресс» ЖШС директоры, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының саясат қызметі бөлімінің меңгерушісі (2007-2008), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс департаментінде диреткордың қызметін атқарушы (2008-2010), Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры (01.12-нен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі) (2010-2014), Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2014-2017). Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының бас директоры (2017 жылдан бастап).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қыркүйегінен.

«Құрмет» ордені (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1960) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Саттарұлы ТӘТКЕЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер (1983).

Еңбек өтілі: Ішкі істер органдарының қызметкері (1983-1997); қаржы (салық) полициясы органдарының қызметкері (1997-2009); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті департаменті бастығының орынбасары, бақылау-талдау басқармасының бастығы (03.2009-08.2009); Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2009-2010); Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2010-2012); «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (2012-2013); Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі (2013-2014). Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі (2014-2020).

Атқаратын лауазымында – 2020 жылғы наурыздан бастап.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысы Ерболат Рахметұлы МҰҚАЕВ дүниеге келді.

Гурьев педагогика институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Мәскеу Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технология университетін бітірген.

Физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист. Орал қаласы әкімінің орынбасары. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет мүшесі (2008-2017), Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (2017-2020), ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

«Құрмет», «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

2021 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

55 жыл бұрын (1966) ҚР Жоғарғы сот судьясы Ғалымжан Жарылқасынұлы МЫРЗАКЕ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Қаратау ауылында туған. 1995 жылы «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» Қазақ политехникалық институтутын, 1997 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан 1999 жылға дейін «Қаратау» өндірістік бірлестігінің энергоцех слесарі, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің слесарь-жөндеушісі, Көпбағдарлы «Оян» кооперативінің жүргізуші-механигі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 өрт сөндірушісі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 қарауыл бастығы, Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, Қаратау қалалық прокурорының қоғамдық көмекшісі, Жамбыл облысының Талас аудандық прокурорының аға көмекшісі қызметтерінде болды. 1999-2002 жылдары Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы, 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2005-2010 жылдары Қостанай облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқа төрағасы, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы болды. 2012 жылдың шілдесінен Қостанай облыстық сотының төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде 2015 жылдың желтоқсан айынан.

45 жыл бұрын (1976) Атырау қаласының прокуроры Аршат Табылдыұлы ТАЙТУЛЛИН дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған.

Құрманғазы аудандық прокурорының көмекшісі (2002), маманданған табиғат қорғау прокуроры, Мақат ауданының прокуроры, Атырау аудандық прокуратура басқармасының басшысы, Атырау облыстық прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурыз айынан.

40 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Әскери соты соттар әкімшісінің басшысы Нұртай Жолтайұлы АЛМАШОВ дүниеге келді.

«Болашақ» университетін бітірген, экономист (2007); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, заңгер (2004). Еңбек қызметі: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі телекоммуникация және пошта байланысы бөлімінің жетекші, бас маманы (2004-2006); Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Заң және кадр қызметі бөлімінің бас маманы (03.2006-11.2006); Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заң, кадр қызметі және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бастығы (2006-2008); Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету, талдау және бақылау басқармасының бастығы, бас сарапшы (2008-2010); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және бақылау басқармасының бастығы (05.2010-07.2010); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жиынтық талдау және халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары (07.2010-11.2010); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары (2010-2012); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2012-2014); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің директоры (05.2014-10.2014); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік-құқықтық актілерді келісу және әзірлеу секторының меңгерушісі (2014-2016); Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Кеңсесі және жергілікті соттардың қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2016-2018); Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы, Маңғыстау облысы соттарының әкімшісі (2018-2020).

Атқаратын лауазымында – 2020 жылдың ақпан айынан бастап.




Соңғы жаңалықтар