+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Абай – 175 жыл: Көкшетауда «Абай-би, Абай-заңгер» атты конференция өтті

2020 жылғы 22 ақпан 12:00
Бөлісіңіз:
Абай – 175 жыл: Көкшетауда «Абай-би, Абай-заңгер» атты конференция өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облыстық сотының бастамасымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай-би, Абай-заңгер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада Абай Құнанбайұлының би (сот төреші), заңгерлік қызметі зерттеліп, оның мәдени және құқықтық рөлімен тарихи орны зерделенді. Конференцияға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, еліміздің белгілі ғалымдары, тарихшы ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҮЕҰ, БАҚ, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, ардагерлер мен Ақмола облысының судьялары қатысты.

Құттықтау сөзінде аймақ басшысы Ұлы ойшыл, философ шығармашылығын насихаттау өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

«Көкшетауда Абайға ескерткіш орнатылады, оның есімі қаладағы мектептердің біріне беріледі. Мұның барлығы ақынның 175 жылдығын атап өтуде ақмолалықтардың қосып отырған үлесі болмақшы», - деді Ермек Маржықпаев.


Сонымен қатар, Жоғары сот төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа ҚР Жоғары соты төрағасының құттықтау сөзін оқып берді. Конференция 2 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлім – пленарлық мәжіліс, 2-ші бөлім – «Абай оқулары». Онда танымал тарихшылар, ғалымдар, заңгерлер, филологтар, зерттеушілер және жазушылардың 12 ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Олардың арасында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев өз сөзінде қазақ халқының тарихи қос тұлғасы – Абай мен Науан Хазірет арасында тарихи-рухани байланыс туралы айтып берді.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Назгүл Ғазизова қазіргі заман мен Абай шығармасындағы адам құқығының үндестігі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, шарада Абайдың әйелдер құқығы туралы философиялық көзқарасы мен заңгерлік тұжырымдамасы талқыланды.


Конференцияда Абайдың туған жері–Семейден әкелінген Ұлы дала ақынының шығармашылық мұрасы тақырыбында ұйымдастырылған арнайы көрме ұсынылды.

Айта кетейік, 2019 жылғы 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Биылғы жылдың 21 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар бастау алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Сот, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT