Абай күні: Шымкентте театрландырылған қойылымдар көрсетілмек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Абайдың 175 жылдығына арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, қалалық кітапханаларда «Әлем таныған ұлы Абай», «Абай даналығы – халық мұрасы», «Елім - жерім деп, бар ғұмырын паш еткен Ұлы тұлға», «Абайдың сөзі –қазақтың бойтұмары» атты онлайн кітап оқу, әдеби сазды кештер мен виртуалды кітап көрмелері өткізіледі. Ал, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Абайды қалай таныдым?!» атты танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылмақ. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры «Ұлы Абайға - 175 жыл, Абай бейнесі» «Парасат» орденінің иегері, Қазақcтанның еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлымен онлайн-эфирін өткізуді жоспарлап отыр. Сол сияқты қалалық орыс драма театры да «Абай жолы» онлайн-бағдарламасын, қалалық өзбек драма театры М.Әуезовтің «Абай» онлайн-драмасын, қалалық опера және балет театры «Абай арманы» онлайн-концертін көрерменге ұсынбақ.

Қалалық әзіл және сатира театры «Жүрегім нені сезесің?!» атты поэтикалық-драмалық қойылымын, қуыршақ және жасөспірім театры «Дара тұлға» онлайн-поэтикалық драмасын, Шымкент-циркі «X-BAND» джаз оркестрінің онлайн-концертін Instagram және Facebook парақшалары мен Youtube арнасынан көрсетпек.


Соңғы жаңалықтар