Абайдың 175 жылдық мерейтойына өңірлер де үлес қосады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Абайдың 175 жылдық мерейтойына жан-жақты дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Шаһарды абаттандырып, көшелерді көркейту жұмыстарына еліміздің басқа да өңірлері үлес қосуға тілек білдірген. Әзірге жалпы құны 9,5 миллиард теңге болатын бірнеше жоба мақұлданған.

Мәселен, Алматы қаласы мен Түркістан облысы жаңа мешіт маңайын абаттандыруға күш салмақ. Ал Алматы облысы Әуезов даңғылының бойынан жаяу жүргіншілер үшін «Абай жолы» деп аталатын жобаны жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан облысы Әуезов алаңын қайта жаңғыртады. Бұл жұмыстарға мемлекет қазынасынан бөлек кәсіпкерлер қаржысы да тартылады деп көзделген.

«Біз өңірлерге ұсыныс айтып отырмыз. Біріншіден, еңселі жаңа көпірді жарықтандыру. Нысан жаңа кейіпке енсе, шаһардың да шырайы ашыла түседі. Одан кейін Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыру. Қалғаны саябақтар мен көшелерді көркейту сияқты жобалар», - дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.


Соңғы жаңалықтар