Әбдіманап Бектұрғанов жаңа қызметке тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанандағы Сыбайлас жемқорлаққа қарсы Республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам Президенті болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы экономиканың барлық салалары үшін кадрлар даярлау мәселелерін жақсарту бағытындағы негізгі міндеттермен айналысады. Компания Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуды, оны әдіснамалық қамтамасыз етуді және колледждердің қызметін ілгерлетуді өз алдына мақсат етіп қойған. «Таlap» КЕАҚ басты мақсаты - барлық жинаған озық педагогикалық тәжірибесін ескеріп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жан-жақты жәрдемдесу және жаңарту.

Ә.Бектұрғанов заң ғылымдарының докторы, профессор. Ол әр жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Экономика және құқық институтының директоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекетітк университетінің ректоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық кураторы қызметтерін атқарған.


Соңғы жаңалықтар