Адалдық сағаты Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік мұрасына арналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды.
Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды.
Ақынның өзі айтқандай «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс», осылайша, ол адамдарды адал, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікте тәрбиелеуге, туған жері мен ана тілін қастерлеуге, үлкендерді құрметтеп, бейбіт уақыттың әр сәтін бағалауға шақырды.
Онлайн дәріс барысында жастар ақынның өлеңдерімен танысты.
«Адалдық сағатында» Мұқағали ақынның өлеңдері мен шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды.
Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның шығармашылығы идеологиялық және саяси көріністерден ада, нағыз лирикаға толы.
Ақынның шығармаларын зерттей отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренеміз.
- Андрей Лукин АӨК-ті субсидиялау ережесін қайта қарауды ұсынды
- Денсаулық министрлігі медициналық костюмдерді сатып алу фактісі бойынша тексеру жүргізуде
- Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берді
- Алматы қоймасындағы сапасыз медициналық құралдар: Жандарбек Бекшин түсініктеме берді
-
«Тәуелсіздік: Сөз бен сурет» онлайн байқауы басталды
-
Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам