Адам капиталы мен адам құқын қорғау мәселесін Президент басты орынға қоюда — Марат Башимов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Адам капиталы мен адам құқын қорғау мәселесін Президент басты орынға қоюда. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық кеңес отырысына қатысты осындай пікірімен Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры Марат Башимов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент айтып өткен индикаторларға қарауымыз керек. БҰҰ-да адам құқығы туралы 14 индикатор бар. Солардың индикаторларына өзіміздің ұлттық индикаторларды сәйкес келтірсек, біздің мемлекеттік саясат жоғарғы деңгейге жетеді. Ол өте маңызды. Адам құқығы саласында жеке құқығы, саяси әлеуметтік құқығы, мәдени құқығы болсын барлық жерде бірінші орында болуы керек. Біз бұл орайда БҰҰ-ның стандарттарына қарауымыз керек. Кеңесте денсаулық, экология саласы, цифрландыру, әлеуметтік салада баспана салу, сондай-ақ білім саласындағы проблемалар көтерілді», - деді Марат Башимов.

Қоғамдық келісім Ұлттық кеңесінде еңбек нарығындағы адам құқығының сақталуы туралы да кеңінен айтылды.

«Қазақстанның өлім жазасынан бас тартып, халықаралық ұйымдармен бірге болуы - маңызды. Мұны дүнижүзі қолдап отыр. Ал әкімшілік юстицияға көңіл бөлгеніміз қарапайым халықтың жағдайын көтеруді білдіреді. Адвокаттардың деңгейін көтеру, әйел мен бала құқын жоғары қою, бәрі адам құқықтарымен байланысты. Қоғамдық келісім Ұлттық кеңесінде Президент айтқан барлық мәселе, барлық жоспар сайып келгенде қалың бұқараның қамы үшін жасалып отыр. Мақсаты - адам капиталының әлеуметтік-экономикалық жағдайын, адам құқын жоғарғы деңгейге көтеру,- деді Марат Башимов.


Соңғы жаңалықтар