«Әдебиет порталының» қызметкері Дарын сыйлығын иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасының қызметкері Арман Шеризатов «Дарын» жастар сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сыйлықта А. Шеризатов «Әдебиет» номинациясы бойынша үздік атанды.

Еске сала кетейік, «Дарын» жастар сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған болатын. Сыйлық дарынды жастарға ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет пен спорттық жетістіктері үшін мемлекет тарапынан жыл сайын беріледі.

Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын.

2017 жылдан бастап «Дарын» сыйлығы жыл сайын табысталады. Ал 2018 жылы сыйлық көлемін үш есеге ұлғайту мәселесі шешіліп, әр номинация бойынша сыйлық көлемі 600 мың теңге болды.

«Дарын» жеңімпаздарының толық тізімін мына сілтемеден оқуға болады.



Соңғы жаңалықтар