Әділ Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Әділ Жанзақов ҚР Тұңғыш Президенті Протоколы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Елбасының шемімен ҚР Тұңғыш Президенті Протоколының бастығы Дандыбаев Аслан Момышұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен бостатылды.


Соңғы жаңалықтар