Әділет министрлігі 658 халықаралық шарттың жобасына сараптама жүргізген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрілігінде әділет органдарының 2021 жылғы жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнеконференция форматында өткен жиында ведомство тарапынан бір жыл ішінде атқарылған істерді ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев баяндады.

«Мемлекет басшысы жеті заңға қол қойды, он сегіз заң жобасы Парламенттің қарауында. 9 мыңнан астам нормативтік құқықтық акт жобасына заң сараптамасы жүргізілді. Мемлекеттік органдардың 7 мыңнан аса актісі тіркелді», - деді министрдің орынбасары.

Айтуынша, нормашығармашылық процесті жетілдіру бойынша да біраз шаралар қабылданған көрінеді.

«Мемлекет басшысы қол қойған заң шеңберінде азаматтарға нормативтік құқықтық актілерді «Ашық нормативтік құқықтық актілердің» порталында талқылау мүмкіндігі ұсынылды.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің орталықтандырылған форматына көшті. 2 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті тіркелді.

658 халықаралық шарт жобасына, оның ішінде экономикалық интеграция мәселелері бойынша 122 жобаға сараптама жүргізілді», - деді Азамат Әмірғалиев.


Соңғы жаңалықтар