Әділет министрлігі ақылы сот сараптамаларынан 0,5 млрд теңге табыс тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 177 мыңнан астам сот сараптамасы жүргізілді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы 177 мыңнан астам сот сараптамасы жүргізілді. Ақылы қызметтер бойынша табыс 475 млн теңгені құрады. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 81 млн теңгеге немесе 20,8 пайызға артық», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, 319 сот сарапшысының біліктілікті арттыру, оның ішінде виртуалдық аутопсия және компьютерлік технологиялар сияқты сараптаманың жаңа түрлері бойынша курсы ұйымдастырылды. Сот-сараптамалық зерттеулердің 15 жаңа әдістемесі әзірленді. Жаңа кәсіби стандарттар бекітілді. Сараптама сапасын бақылау және бағалау механизмі жетілдірілді. Орталықтың 3 филиалына аккредитация жүргізілді. Аккредитациялауға тағы 6 филиал дайындалды.

«Сарапшылардың еңбекақысын көбейту мәселесі пысықталды. Желтоқсан айында медициналық сот сарапшыларының еңбекақысын жұмыс берушінің қаражаты есебінен 30 пайыздан 45 пайызға дейін, зейнетақы жарнасын 5 пайызға көбейтуді көздейтін Үкімет қаулысы қабылданды», - деді Азамат Әмірғалиев.


Соңғы жаңалықтар