+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

2021 жылғы 24 ақпан 10:37
Бөлісіңіз:
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбеталиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Сауран ауданының алғашқы әкімі тағайындалды Марат Әзілханов ҚХА Төрағасының орынбасары болып тағайындалды Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу университетіне жаңа ректор тағайындалды

Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, Лондон экономика және саяси ілім мектебін (тағылымдама) бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, қаржы бакалавры. Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.

2003-2007 жылдары — қаржы полициясы органдарында қызмет етті (Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаменті).

2007 жылдан 2009 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында басшылық лауазымдар атқарды.

2016 жылғы шілде-желтоқсан аралығында «СҚ-Фармация» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2020 жылдың шілдесі аралығында ҚР Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың шілдесінен желтоқсаны аралығында — ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT