«Аға, тастай беріңізші»: Атырауда мұз астына түсіп кеткен жасөспірімдерді құтқарған сәттің видеосы жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетті. Бірі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған. Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кетті. Үшеуі аман қалды. Суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.


Авторы: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар