АХҚО және Visa Орталық Азиядағы Visa Everywhere Initiative байқауының финалын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Visa Орталық Азиядағы Visa Everywhere Initiative байқауының финалын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Visa Everywhere Initiative (VEI) байқауының финалы Fintech Summit Astana Finance Days аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Финтех хабында өтті. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Сингапур және Ресейден келген жиырма команда құрамына тәуелсіз финтех сарапшылары мен Visa, Альфа-банк, Halyk bank, Бірінші кредиттік бюро және ABC-I2BF Seed Fund өкілдері кірген әділ-қазылар алқасының шешімдерін іске асырудың егжей-тегжейлі бизнес-модельдері мен жұмыс істеп тұрған прототиптерін ұсынды.

Visa Everywhere Initiative қатысушыларының шешімдері қаржылық сауаттылық, жеке тұлғаларға арналған қаржылық сервистер, шағын және орта бизнеске арналған қаржылық сервистер, сақтандырудағы жаңа технологиялар мен өнімдер (Insurtech), B2B қаржы секторына арналған сервистер, Beeline мобильді қаржылық сервистері сияқты бағыттарда ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі бес команда жеңімпаз атанды:

- reKassa (Қазақстан)

- Lendingstar (Сингапур)

- Nebank.kz (Қазақстан)

- NumbaPay (Қырғызстан)

-Marta (Өзбекстан)

«Біз Visa бағдарламасының нәтижелеріне өте ризамыз. Бізді стартаптар-қатысушылар, менторлар мен серіктестер жағынан бағдарламаның жоғары бағасы қуантады. Біз үшін бұл таңдалған бағыттың дұрыстығын растау-жас инновациялық компанияларды қолдау, олар ел мен аймақтың қаржылық қызметтерін өзгертудің және түбегейлі жақсартудың локомотивіне айналмақ», - деді АХҚО Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов

«Бүгінде әлемдегі 5 миллиардқа жуық адам мобильді құрылғыларға ие, алайда 2 миллиардқа жуық сенімді және қауіпсіз қаржылық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Бұл қаржылық сауаттылықты арттыруға, банктік қызметтерге қол жеткізуге, қауіпсіз және жылдам төлемдер жасауға көмектесетін инновациялық шешімдерді іздеуге бағытталған Visa Everywhere Initiative сияқты бағдарламалардың жоғары сұранысы мен маңыздылығын көрсетеді», - деп атап өтті ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға Вице-президенті және аймақтық бөлімшесінің директоры Вера Платонова. - Орталық Азиядағы VEI алғашқы жобасы сәтті өткеніне және қатысушылар арасында қызығушылық тудырғанымызға қуаныштымыз. Олардың барлығы төлем және коммерция саласындағы ертеңгі күннің міндеттерін шешу бойынша қызықты идеяларды көрсетті. Visa Everywhere Initiative өз кезегінде Орталық Азия елдерінің сандық экономикасына көшуге ықпал ететін нарық үшін өзекті қаржы шешімдерін құру және іске асыру үшін тұрақты алаңға айналады деп үміттенеміз».

Іс-шара аясында жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялар сарапшыларының қатысуымен пікірталас өтті. Сарапшылар жаһандық деңгейдегі қаржы саласындағы негізгі үрдістерді, қаржы ұйымдары мен стартаптар арасындағы финтех-ынтымақтастықтың табысты үлгілерінің мысалдарын, әлемдік деңгейдегі таланттарды басқару мен тартуды, бірлескен жұмыс үшін тиімді модельдерді, инвестицияларды ынталандыру үшін шарттарды, инновацияны жылдамдатқан бүкіл әлем бойынша бастамалардың мысалдарын талқылады.

VEI барлық қатысушылар Visa немесе оның серіктестері - банктермен, сақтандыру компанияларымен, ұялы байланыс операторларымен ынтымақтастықта өз әзірлемелері мен идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Бағдарламаның серіктестері AlfaBank, Beeline, Centras Insurance, Halyk Bank, Wooppay, Forte Bank, KPMG, Kazpost, Al Hilal Bank және т. б.

VEI-бұл Орталық Азияда бірінші рет АХҚО-мен әріптестікте өткізілетін финтех стартаптардың қолдауға арналған Visa ғаламдық бағдарламасы. Наурыз айының ортасынан сәуір айының соңына дейін өтінімдер беру үдерісінің 1,5 айы ішінде қаржылық сауаттылықтан жасанды интеллектке дейін VEI бағдарламаға қатысуға 93 өтінім берілді. Өтініштер идея сатысында, сондай-ақ іске асыруға дайын жобалар сатысында берілді. 93-тен 34 команда 23-24 мамырда АХҚО-ның Финтех хабында өткен жартылай финалға шықты.

Бірінші рет Visa Everywhere Initiative 2015 жылы басталды, осы уақыт ішінде бағдарламаға 4000-нан астам стартап қатысты, 220 финалист менторлық қолдауға ие болды, ал 70 жеңімпаз жалпы сомасы 1 миллион доллардан астам жүлделерге ие болды. Бүгін VEI стартаптары 2,5 миллиард доллардан астам инвестиция тартты.

Соңғы жаңалықтар