Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахметжан Смағұлұлы ЕСІМОВ 1950 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

1990-1992 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1992-1994 жылдары - Алматы облысы әкімшілігінің басшысы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкмішілігінің басшысы, Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.

2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.

2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары - Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

2015 жылдың тамызынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап 2021 жылғы наурыз айына дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Экономика ғылымдарының докторы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Сіңірген еңбегі үшін» кавалерлік крест ордендерімен, медальдармен марапатталған.



Соңғы жаңалықтар