Аида Балаева: Берік әрі бақытты отбасы – мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің кепілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отан – қуат, отбасы – шуақ» дейді халқымыз. Расымен, отбасы әр адамның өмірінде басты рөл атқарады. Тәлім мен тәрбиені, адамгершілік пен сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен өзін-өзі құрметтеуді отбасынан үйренеміз. Жақындарға деген махаббат пен құрмет, мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық отбасында пайда болады. Отбасында халықтың рухани және мәдени дәстүрлері сақталады және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Берік және бақытты отбасы – бұл біздің қоғам мен мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің кепілі», - деп жазды министрі Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер беру, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, ана мен баланың денсаулығын қорғау - мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.

«Бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Еліміздің барлық өңірінде «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталықтары ашылады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қазірдің өзінде заң, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде «Отбасы банкі» ашылады, «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы және тағы да басқа шаралар іске қосылады. Тек отбасылық-демографиялық саясатқа тиісті назар аударғанда ғана біз өзіміздің бірегейлігімізді сақтап, басты құндылықтарымызды дамыта аламыз», - деп атап өтті Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар