Аида Балаева емханалар турасында: Адамдар ұзын-сонар кезекке шағымдануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентiнiң көмекшiсi — ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева елордадағы денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындар емханалардағы ұзын-сонар кезекке шағымданып келеді. Сонымен қатар, тіркеуге тұру бағытында, медициналық стационарларға квоталар алуға тұрғысында проблемалар бар», - деді ол елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.

Бұл факті онлайн қосымша секілді заманауи тетіктер шұғыл мәселелерді тиімді шешуге ықпал етпей тұрғанын көрсетеді.

«Осындай ресурстардың жұмысына бақылау тетіктерін жетілдіру керек, бұл шаралар нақты нәтижеге негізделуі тиіс, яғни азаматтар сұранысын қанағаттандыруы керек», - деп атап өтті Аида Балаева.

Сонымен қатар ол жұртшылық баратын жерлерде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толыққанды қолайлы жағдайдың жоқтығын атап өтті. Мұндай қоғамдық орындарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жабдықтарды орнатуда немқұрайлылық орын алуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Орталық теміржол ауруханасының апаттық жағдайы проблемасын көтерді.

Соңғы жаңалықтар