Аида Балаева волонтерлердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы волонтерлердің ел экономикасына қосқан үлесі 3,9 млрд теңгеге бағаланды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талап» орталығының бағалауы бойынша волонтерлердің Қазақстан экономикасына тигізген үлесі 2020 жылы 3,9 млрд теңгеге жеткен. Волонтерлік қызметтің ең үлкен үлесі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерде 68 пайызды, абаттандару және тазалық салаларына 12 пайызды құрайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының халықаралық волонтерлікті дамыту бастамасы жүзеге асырылатын болады.

«Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында халықаралық волонтерлер жылын жариялау бастамасы бойынша бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті құжат жобалары әзірлену үстінде. Былтыр Қазақстанның ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамлеясының қарарына волонтерлікті 2030 жылға дейін дамыту күн тәртібіне енгізілді. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында еліміздің 7 волонтері Қазақстан Үкіметінің тікелей қолдауымен қызмет атқарып жүр. Волонтерлерді ынталандыру үшін әлем елдеріне үміткерлерді тарта отырып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстауды биыл да жалғастыратын боламыз», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар