Аида Балаева журналист Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден озуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден мезгілсіз озуына байланысты марқұмның отбасы мен айнала-жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қуандық аға кәсіби шеберлігі жоғары, отандық ақпарат кеңістігінде өз ой-пайымы бар тұлға еді. Марқұмның жаны жанатта болсын!» - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

Айта кетсек бүгін белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының ауруханада көз жұмғаны хабарланған болатын.

Фото: adebiportal.kz
Соңғы жаңалықтар