«Ақ жол» демократиялық партиясының белсенділері Шымкентке барды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Шымкент қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олар Шымкентте бірқатар шара өткізді. Азат Перуашев алдымен автошеруді ашып берді. Партия белсенділері көлікпен Шымкент әуежайынан Қасірет» мемориалына дейін жүріп өтті.
1935-1938 жылдары елімізде 135 мың қазақстандық қуғын-сүргін құрбаны болды. Олардың 25-мыңы атылды. Сталин лагерлеріне 5 млн адам жер аударылды. Олардың 7 мыңы ОҚО тұрғындары, 2,5 мың адам халық жауы деп атылды. Партия мүшелері «Қасірет» мемориалының жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Үгіт-насихат тобы сондай-ақ «Скат» әуе компаниясы АҚ-ның ұжымымен кездесті. Бұл кәсіпорында «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы баяндалды.
Ал, бұл шарадан соң штаб мүшелері №53 С.Рақымов атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті.
Сондай-ақ «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы «Қырғы базар» сауда орталығының жұмысшыларымен және «KARLSKRONA LC AB» компаниясының ұжымымен жүздесті.
- Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту ұсынылды
- Шымкентте базар қоймасы өртеніп жатыр
- Дәрігерлер іш қуысы сыртына біткен нәрестені аман алып қалды
- Биыл күзде Қырғызстанда Парламент сайлауы өтеді
-
Шымкентте кәсіпкерлікке заңсыз араласқан 13 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
Астанада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам