«Ақ жол» партиясының төрағасы саяси ұйымды қолдағандарға алғыс білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстан халқын сәтті өткен сайлаумен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясының төрағасы саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдірді. Оның айтуынша, биылғы науқан қауіпті індетпен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан барлық санитарлық талапы сақтай отырып, сайлау ұйымдастырылды. Бұл тәжірибе енді алдағы уақытта кәдеге жарап, еліміздің дамуына септігін тигізеді деп сенім білдірді партия төрағасы.

«Меніңшe, біздің партияларымыз, біздің сайлаушыларымыз өздері үшін өте жақсы тәжірибе жинады. Ол тәжірибе ары қарай да еліміздің дамуына, еліміздің демократияландыруына өте пайдалы, өзекті болады деп ойлаймын. Соған сенімдіміз және де мен барша «Ақ жол» партиясына дауыс бергендерге алғыс білдіргім келеді. Біз партиямызға көрсеткен сенімді ақтауға тырысамыз», - деді Азат Перуашев.



Соңғы жаңалықтар