Ақан Рахметуллин Қазақстанның АӨІСШК-ге төрағалығының басымдықтарын атады
«Қазіргі заманғы сын-тегеуіріндер мен технологияларға жылдам бейімделетін өңірлік қауіпсіздіктің бүгінгі қатерлері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі елдерінің арасында оларды шешудегі көпжақты әдістер мен тығыз үйлесімділікті талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда қазақстандық төрағалық кезінде АӨІСШК әлеуетін одан ары нығайту, оны Азиядағы жаңа сын-тегеуріндерді бірге еңсеру мақсатында өзара байланысты ынтымақтастық пен диалог үшін тиімді платформаға айналдыру жұмысы жалғасады», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Сонымен қатар Ақан Рахметуллин Қазақстан АӨІСШК-ге төрағалық еткен кезде форум қызметімен байланысты барлық мәселелер бойынша диалогқа ашық болатындығын, кеңесті одан ары дамытуға қатысты мүше мемлекеттердің ұсыныстары мен идеяларын талқылауға дайын екендігін баса айтты.
«Азиядағы қауіпсіздіктің тиімді архитектурасын бірлескен күш-жігердің арқасында ғана құруға болады деп санаймыз», - деді Ақан Рахметуллин.
Айта кетейік, Қазақстан 2022-2024 жылдарғы АӨІСШК төрағасы лауазымына өз кандидатурасын ұсынып отыр.