Әкім сайлауы: Маңғыстау облысында 14 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде.

Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде.

Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде.

Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында.

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері және 14144 сайлаушылар бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылда, 4 ауылдық округте 14 сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де ұсынылады. Сондай-ақ сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар