Әкім сайлауы: ПТР-тест пен вакцина паспорты кімдерге қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық-эпидемиологиялық талап бойынша, сайлау комиссияларының мүшелері, сенімді өкілдер, байқаушылар мен БАҚ өкілдері сайлау учаскелеріне кіруі үшін өзімен бірге вакцина паспортын алып жүруі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл талап тек екпеге қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдарға ғана жүрмейді. Дегенмен, ондай адамдар сайлау учаскесіне кіргісі келсе, ПТР-тестің мерзімі 3 күннен аспаған қорытындысы болуы керек.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, дауыс беруге процесіне қатысатын адамдардың бәрі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген болуы керек және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға міндетті.

Сондай-ақ, сайлау өтетін ғимараттың ішінде келушінің жанасуынсыз іске қосылатын термометр мен санитайзерлер болуы шарт. Келушілердің арасында дене қызуы жоғары адамдар болса және коронавирустың өзге де белгілері байқалған жағдайда бірден оқшаулайтын арнайы оқшау бөлме болуы керек.

Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.

Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде бүгінгі күннің қорытындысы шығарылуы керек. Жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Жалпы биыл жыл аяғына дейін 775 ауыл әкімі сайланады. Елімізде барлығы 2346-ға жуық ауыл әкімі бар. Осыны ескерсек 2022 жылдың басында ауыл әкімдерінің құрамы үштен бірге жаңарады деген сөз.


Соңғы жаңалықтар