Әкім сайлауы: ШҚО-да ауыл тұрғындарының 90 пайыздан астамы дауыс берген

None
None
ӨСКЕНМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы 221 сайлау учаскесінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің мәліметінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі 90,9 пайыз болған.

Қазір сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтағанына қарамастан, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. ШҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров учаскелердегі қоғамдық тәртіпті сақтауға барлығы 800-ден астам полиция жұмылдырылғанын атап өтті. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамалардың сақталуын, олардың аудандық комиссияларға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің айтуынша, барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталған, дауыс беруге келгендердің арасында коронавирус симптомы бар адам болмаған.


Соңғы жаңалықтар