Әкімдер сайлауын алғашқы екі жылда ОСК қаржыландырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдерді тікелей сайлаудың алғашқы кезеңіне 17,6 млрд теңге қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде айтты.

«Аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Бірақ Бюджет кодексінің жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті өтеу туралы нормаларын ескере отырып, алдағы 2 жылда, яғни 2021-2022 жылдары сайлаулар Орталық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады. Ал 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджет шығындарының тізбесін қосылып, жалпы сипаттаға трансферттердің қатарына енгізіледі», - деді вице-министр.

Министрлік өкілі сайлау шығындарының көлеміне тоқталды.

«Әкімдер сайлауын өткізуге шамамен 17,6 млн теңге қажет. Биыл соның ішінде 4,8 млрд теңге 800-ден астам әкімдіс сайлауға бөлініп отыр», - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатқанын мәлім еткен болатын.



Соңғы жаңалықтар