Әкімдіктер мен қоғамдық бақылаудың іс-қимылы формальді түрде ғана - ҚР ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың төрағалығымен қоғамдық бақылау өкілдерімен селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, коронавирус инфекциясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіне үлкен ауыртпалық түсірді. Қалыптасқан жағдайға байланысты өңірлерде волонтерлер қоғамдық бақылау тобын құрып, бірнеше ай денсаулық сақтау, білім беру объектілерінің және қоғамдық орындардағы санитарлық норманың сақталуына мониторинг жүргізіп келеді. Сондай-ақ, өңірлік үйлестірушілер гуманитарлық жүктерді қабылдау, оны бөлуге белсенді қатысып отыр.

Ведомство ақпаратынша, 383 волонтер үш ай ішінде Қазақстанның 17 өңірінде 4 300-ден астам мониторингілік іс-шара өткізді. Олар гуманитарлық жүктерді қабылдауға көмектесті, адам көп жиналатын орындарда мониторинг жүргізді, санитарлық нормаларды бұзғандарға қатысты азаматтардан түскен шағымдарға жауап берді, денсаулық сақтау және білім беру объектілеріне мониторинг жасады.

«Әлеуметтік желілердегі мониторинг қоғамдық бақылау еріктілері халық арасында жоғары беделге ие екенін және жұрт олардың қызметіне сенім артатын көрсетеді», - деді А. Цой.

Сонымен қатар, бүгінде қоғамдық бақылауды үйлестірушілердің мемлекеттік орган өкілдерімен, әсіресе өңірлермен байланыста бірқатар қиындық бар. Қоғам өкілдері, әкімдіктер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен Полиция департаменттері арасында нақты өзара іс-қимыл мен үйлестіру жоқ. Кейбір өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық бақылау тобының өзара іс-қимылы формальді түрде ғана.

«Осыған байланысты біз қоғам өкілдері мен мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара ынтымақтастық пен үйлестіруді реттеуіміз қажет», - деді министр.

Кездесу барысында қатысушылар жоғарыда аталған мәселелердің шешіміне қатысты пікір алмасты, ал Денсаулық сақтау министрі өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына қоғамдық бақылау мүшелерін қолдауды және оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар