+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қандай өзгерістер бар

2021 жылғы 25 қаңтар 17:40
Бөлісіңіз:
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қандай өзгерістер бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Осы заңнама аясында енгізіліп отырған жаңашылдықтарды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін, қоғамның түрлі салаларында туындаған даулардың кейбірінде азаматтар мемлекеттік органдармен, лауазым иелерінің шешімдерімен келіспей жатады. Өкінішке қарай, көп жағдайда жеке адамдардың мүддесі, құқығы сотта жоғары деңгейде қорғала бермейді. Оның себебіне тоқталсақ, құқықтық даулардың көбісі азаматтық-процестік кодекстің аясында қаралады. Яғни, азаматтық-процестік заңнамаға сәйкес, тараптар тең. Тараптар тең деген түсінік бойынша мемлекеттік орган, оның құқықтық аппараты заңгерлер корпусымен жеке адамдардың мүмкіндігін салыстыру қиын. Осы жерде теңсіздік туындайды, - деді А. Садуақасов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол аталған теңсіздікті жою үшін елімізде Әкімшілік әділет туралы заң қабылданғанын, бұл құжат 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетінін еске салды.

«Неліктен бір жыл уақыт берілді? Себебі соттарымыз осыған дайындалуы керек, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар осы заңның жаңа баптары мен жаңашылдықтарын меңгеруі тиіс», - деді баспасөз хатшысы.

«Осы заңға сәйкес, сіздің жер учаскеңізге, төлемақылар, берілуге тиіс лицензияларға қатысты мәселелер бойынша уәкілетті органмен немесе лауазымды тұлғамен арада даулар болған кезде, бұл істер азаматтық соттарда қаралады. Яғни, азаматтық соттарда азаматтық-процестік заң нормасы аясында қаралады. Бұл тұрғыда судьяның қолы байлаулы. Осы мәселеде судья жеке немесе заңды тұлғаға көмектесе алмайды. Оның берген талап-арызының қателігін көріп тұрса да, оған жақтасуға, көмектесуге құқығы жоқ. Енді қолданысқа енгізілетін заңға сәйкес, судьяның белсенді рөлі болады. Судья азаматтың талап-арызын дұрыстауға, оған құқықтық жағынан қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл заң жеке адам мен заңды тұлғаның мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаларға қарсы өзінің құқығын дұрыс қолдануына зор мүмкіндіктер жасайды», - деді Айдос Садуақасов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы 29 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестіккодексіне қол қойды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT