Ақмола облысы Ashyq пилоттық жобасына қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ashyq пилоттық жобасына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ashyq мобильді қосымшасы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін жасалған. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің мәртебесі анықталады. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мен департамент басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова алғашқының бірі болып телефонға осы мобильді қосымшаны орнатып, өз бағасын берді.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 13 қаулысына сәйкес Ashyq пилоттық жобасына Ақмола облысы да қосылды. Қосымша ПТР-дың жалпы базасымен біріктірілген, бұл жеке тұлғаның контактісі немесе науқастар санатына жататындығын дәл анықтауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді А.Мусина.

Ведомстводан атап өткендей, қосымша жұмысының мәні әрбір кәсіпкерлік субъектісіне жеке QR код беріледі (нысанға, егер кіру орны бірнешеу болса код олардың әрқайсысына беріледі). Келуші қосымшаны жүктеп алады және QR кодты сканерлеген кезде үй-жайға кіре берісте олардың мәртебесі инфекцияның тасымалдаушысы ретіндегі қауіптілік деңгейі анықталады.

«Жеке тұлға үшін барлығы төрт мәртебе қарастырылған: қызыл, сары, көк және жасыл. Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйдіе оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді. Сары - қозғалысты ішінара шектеу-пайдаланушы ПТР дерекқорында науқаспен байланысты тұлға ретінде көрсетілген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және аппараттық дүкендерге, дәріханаға баруға рұқсат етіледі. Көк мәртебе үшін ПТР міндетті болатын жерлерден басқа қозғалыс шектеуі жоқ. Жасыл күй қозғалыста ешқандай шектеу жоқ екенін білдіреді және бұл пайдаланушы дерекқорда COVID теріс нәтижесі бар ПТР тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген. Ashyq қосымшасын пайдалану кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық нормаларды сақтаудан босатпайды. Бірақ сонымен бірге келушілердің жұқтыру қаупі аз болады», - деп түсіндірді департамент.


Соңғы жаңалықтар