Ақмола облысында 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Талапкер ауылында 1 жасар сәбиден коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кішкентай науқасқа коронавирус үйіндегі туыстарынан жұққан, ал туыстары Нұр-Сұлтан қаласынан жұқтырған. Науқас Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің станционарында емделеді», дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, эпидемиологияға қарсы шаралар науқаспен және онымен байланысты болған адамдарды белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу бойынша, бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілуде.

«Осы күні өңірдегі стационарларда 167 адам емделіп жатыр. Оның ішінде уақытша стационарда - 18, карантиндік – 124, инфекциялық – 25. Үй карантинінде-664 адам. Жалпы, облыс бойынша барлығы 147 адамның COVID-19 жұқтырғаны тіркелген. Оның ішінде 126 жағдай Целиноград ауданының үлесінде. Ал қалғаны Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Шортанды аудандарында», - деп толықтырды ведомстводан.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Целиноград ауданының Талапкер кентінде тұратын сантехниктен коронавирус табылған болатын.



Соңғы жаңалықтар