Ақмола облысында 13 жасар қызды зорлаған күдікті 20 жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында көршісінің 13 жастағы қызын зорлаған күдікті 20 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 31 қаңтарында Сандықтау ауданының прокуроры жиналған дәлелдемелерді бағалау нәтижелері бойынша айыптау актісін жасап, 13 жасар қызды зорлаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Тергеу анықтағандай, 2021 жылдың ақпанында ішімдік ішкен ер адам үйіне қонаққа келіп, ұйықтап қалған көршісінің қызын зорлаған. Бұл туралы тек 2021 жылдың қараша айында көршілері полицияға айтқан. Биылғы жылдың 12 сәуірінде сот үкімімен кінәлі 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, оған өмір бойына педагог болуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды», - деді ведомстводан.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған қылмыстық процестің үш буынды моделі жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басынан бастап үш буынды модельдің екінші кезеңі қолға алынды, онда аса ауыр санат туралы істер бойынша қорытынды айыптау құжаттарын дайындау бойынша өкілеттіктер прокурорға жүктелді. Осы ретте, облыс прокурорлары жаңа форматта 20 айыптау актісін жасады, оның 3-еуі бойынша айыптау үкімі шығарылды, 17-сі бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

Айта кетсек, Ақмолада жемқорлық жасап сотталған 42 шенеуніктің 16-сы ғана түрмеге қамалған.



Соңғы жаңалықтар