Ақмола облысында 16 жастағы жасөспірімнің үстіне бетон құлап, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жазатайым оқиға салдарынан 16 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сәуірдің 8-де сағат 11:00 Есіл аудандық полиция бөліміне аудандық аурухана фельдшері хабарласып, ауруханаға жеткізілген жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан.

«Анықталғандай, Есіл қаласының 16 жастағы тұрғыны 1-курс студентінің үстіне «Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжінің» аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіре берістегі шатырдан (күнқағардан) бетон плита қалған. Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 306 бабының 3 бөлігі «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар