+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт әжесін пышақтап өлтірді

2020 жылғы 18 қыркүйек 23:10
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында 26 жастағы жігіт әжесін пышақтап өлтірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шизофрениямен ауыратын 26 жастағы ер адам әжесін өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда кәріз құдығынан 3 жыл бұрын өлген адамның мәйіті табылды Қостанайда екі адамды пышақтап, біреуін өлтірген күдікті ұсталды Ақтөбеде 30 жастағы әйелді өлтіргендер іздестіріліп жатыр

Ведомствоның мәліметінше, 17 қыркүйекте Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне 29 жастағы ер адам хабарласып, көрші пәтерде 75 жастағы қарияның мәйіті жатқанын айтқан.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қарияның желке тұсына салынған пышақ жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 26 жастағы немересі ұсталды. Күдіктінің «Эпизоотикалық параноидты шизофрения» диагнозымен психиатрлық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Көршілердің айтуынша, немересі бұған дейін бірнеше рет әжесіне дене жарақатын салған», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT