Ақмола облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысы қатысушыларына қатысты 4 мыңнан астам хаттама мен 600-бап (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге қатысты 1 мыңнан астам хаттама толтырылды.

«Жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыста басымдылық берілген көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол бермегені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қайта бұзушылық 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар, әкімшілік өндірістің бірыңғай реттілігіне сәйкес, өткен кезеңде полиция қызметкерлері мас күйде көлік құралын жүргізген 600-ден астам жүргізушіні анықтады, 1053 ақмолалық көлік жүргізу құжатынсыз жүргізіп ұсталды», - деп жазды ведомство.


Соңғы жаңалықтар