Ақмола облысында 90 тонна астық ұрланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 90 тонна астық ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Егіндікөл аудандық ПБ криминалды полиция қызметкерлері «Астық» жедел алдын алу шарасы кезінде 90 тонна астықтың ұрланғанын анықтады. Соңғы мәлімет бойынша, шығын көлемі 6 миллион теңге деп бағаланып отыр.

«Егіндкөл ауданындағы серіктестіктердің бірінің бірінің басшысы, яғни 59 жастағы ер адамның осы қылмысқа қатысы бар деген ақпарат түсті. Тергеу кезінде оның серіктестік жүргізушісімен сыбайлас болғаны анықталды. Бауман ауылының 41 (жүргізуші) және 39 (басшысы) жастағы тұрғындары алдын ала келісім бойынша алқаптан жеткізілген астықты қамбаға төкпей, одан әрі сату мақсатында көрші ауданға әкетіп отырған», дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 189-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар