Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ASHYQ пилоттық жобасын іске асыру басталды. Бірнеше күннің ішінде өңірде 20-дан астам кәсіпкер жобаға қатысуға өтінім берді, олардың 9-ы жүйеде жұмыс істеуге рұқсат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, өңірдің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, сондай-ақ «Атамекен» ӨКП өкілдері аталмыш жоба бойынша жұмысты бастаған Көкшетау қаласының бірнеше нысандарын аралап көрді.

«ASHYQ мобильді қосымшасы сары немесе қызыл мәртебесі бар тұлғалардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. КВИ-мен ауыратын адамдармен байланыста болған адамдар үшін сары дәреже, КВИ-мен ауыратын және оң ПТР-тесті бар адамдар үшін қызыл дәреже. Егер ол жобаға қатысатын объектілерге өтуге тырысса, онда оның деректері көрсетіледі және бірден бізге түседі. Осыдан кейін санитарлық қызметтер бұл адамдармен әкімшілік жаза қолданғанға дейін жұмыс істей бастайды, бұл деген ҚР ӘҚбК 462 бабының 3 бөлігі бойынша айыппұл», - дейді Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Ақмолалық кәсіпкерлер ASHYQ пилоттық жобасы бойынша жұмыс істей бастады.

Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жайсан Бекқожиннің айтуынша, бүгінде өңірде 20-ға жуық нысан жобаға қатысуға өтінім берген, олардың 9-ы QR - кодты (7-Көкшетауда және 2-Степногорскіде) алып, жүйеде жұмыс істей бастады. Өтінімдердің басым бөлігі қоғамдық тамақтану саласынан түскендер. Бұл қосымша карантин мен пандемиядан ұзақ уақыт зардап шеккен кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге арналған. Егер Ақмола облысы «қызыл» аймақта болуды жалғастырса да, кәсіпкерлер жаңа жобаның арқасында демалыс күндері жұмыс істей алады. Алайда ақмолалықтар үшін қосымша ерекше мәселе тудырмайды. Егер адам ASHYQ-ке тіркелмесе, онда оның кірудегі дәрежесін ЖСН арқылы тексеруге болады.

Ж.Бекқожиннің сөзінше, егер объектіде үш күн ішінде келушілер тіркелмесе, кәсіпкер екі аптаға бағдарламадан шығарылады. Қайта тіркеу кезінде ерекшелік екі айға созылады. Бұл мекемелерге келушілерді сканерлеудің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Сәуірдің 26-нан бастап ASHYQ жобасына Ақмола облысының барлық өңірлері қосыла бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін әзірленген Ashyq пилоттық жобасына қосылғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар