USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады

2021 жылғы 3 желтоқсан 16:51
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында автосервис механигі көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында азық-түлік бағасы қалай тұрақтандырылуда Ақмола облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 4 000 дозасы түсті Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 2 желтоқсанда кешкі сағат 20:13-те Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыны жүгініп, техникалық қызмет көрсету станциясына жөндеуге апарған көлігінің ұрланғанын айтқан.

«Анықталғандай, техникалық қызмет көрсету стансасының 31 жастағы механигі мас күйінде арыз иесіне тиесілі «Нива» маркалы автокөлігін ТҚС аумағынан айдап әкеткен. Күдікті автокөлікпен жүріп, жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камерасының тірегіне зақым келтіріп, жол-көлік оқиғасын жасаған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Бурабай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 200-ші бабының 1-ші бөлігі «автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT