Ақмола облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қалай бақыланады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл туралы брифингте облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Ақмола облысында инфляция деңгейі 5,6 пайызды құрады. Қазақстан халықаралық азық-түлік нарығына қатысушы ретінде әлемдегі бағаның өсу факторларының әсерін сезінуде. Мәселен, дәнді, өсімдік майларына, сүт өнімдеріне, етке, қантқа әлемдік бағалардың өзгеруін сипаттайтын ФАО азық-түлік бағаларының индексі ағымдағы жылы соңғы 10 жылда өзінің ең жоғары деңгейіне жетті және 2020 жылғы желтоқсанға қарай тамызда 27,4 пайызды және 2020 жылғы тамызға қарай 33 пайызды құрады.

«Осы факторларды жою және бағаның өсуін тежеу үшін облыста 131 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда 513,3 миллион теңгеге 1027 тонна өнім сатылды. Жыл соңына дейін 200 миллион теңгеден астам сомаға 400 тонна өнім сататын 50 - ге жуық жәрмеңке өткізу жоспарлануда», - деп атап өтті Е.Оспанов.

Облыс әкімдігінің қаулысымен 2021 жылғы 31 тамыздан бастап күнбағыс майының шекті бағасы литріне 641 теңге деңгейінде белгіленді. Бағаны тұрақтандыру жөніндегі Жол картасына сәйкес күн сайын бағаларға мониторинг және сауда субъектілерімен сауда үстемелерінің мөлшерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Кokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» тұрақтандыру қорында белгілі бір қор бар (1 251 тонна). Бұл қант, 1 сұрыпты ұн, сары май және күнбағыс майы. Бұдан басқа, тауарларды сатып алу жалғасуда және оларды сату жүргізілуде. Ол үшін Көкшетау қаласының халық тығыз орналасқан аудандарында төрт «Кokshe Мarket» әлеуметтік дүкені жұмыс істейді (Орталық базар, Васильковский және Центральный шағын аудандары, Абай-Алтынсарин көшелері)», - деп қосты Е.Оспанов.

«Айналым схемасын» одан әрі іске асыру үшін ағымдағы жылы қосымша 373 миллион теңге, ал тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 208 миллион теңге бөлінді. Бағаны тұрақтандыру факторларының бірі жергілікті азық-түлік тауарлары өндірісін ұлғайту болып табылады.

Мәселен, азық-түлік өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі қаңтар-шілдеде 17,7 пайызға өсіп, 78,7 миллиард теңгені құрады, сондай-ақ басым дақылдардың (майлы дақылдар, картоп, көкөністер және т.б.) егіс алаңдары ұлғайтылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыста азық-түлік тауарлары бағасының барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Осы комиссия шеңберінде Көкшетау қаласының көтерме сауда нарығында (жеміс-көкөніс өнімдері, жарма, қант, ұн, макарон тәрізді өнімдер бар), сондай-ақ сауда желілерінде (Small, Союз) талдау жүргізіледі. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет қабылдайтын инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені шеңберінде күшейтілетін болады. Біздің міндетіміз-2022 жылы инфляция дәлізіне 4-6 пайыз оралу», - деп түйіндеді Е.Оспанов.

Жалпы, басқарма Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша, жетекшілік ететін бағыттар бойынша жұмысты жалғастыратын болады және қойылған міндеттерді орындау бойынша барлық шараларды қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар